Осыған дейін mangystaumedia.kz Жаңаөзен жолында болған жол апаты туралы жазған болатын. Лексус көлігі жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Көлікте үш адам болған.
Бір адам жедел жәрдеммен жекеменшік медициналық ұйымға жеткізілді. Қазір ем қабылдап жатыр.
«Бір адам оқиға орнында қайтыс болса, екінші адам ауруханаға жетпей жан тапсырды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.