Бұл туралы «Әділетті қоғам – баршаға мүмкіндік» ұраны аясындағы жобалардың ұйымдастырушысы Темір Сәкенұлы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қоры Жаңаөзен қаласында 2022 жылдың маусым айынан бастап қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға кіріскен. Қор қала ішіндегі ауыз су мәселесі, кәсіпкерлік пен бұқаралық спортты дамыту және қала тұрғындарына арналған мәдени-қоғамдық шараларды ұйымдастырады.
«Жаңаөзен қаласы елдің батысындағы халқы тығыз орналасқан бірден-бір қала. Сондықтан қала тұрғындарымен бірлесіп, керемет жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмын. Бұл өз кезегінде қаламыздың өркендеуіне септігін тизгізеді. Мұндай бастаманы орындауды тұрғын әрі кәсіпкер ретінде азаматтық борышым деп санаймын», - дейді кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі, «Әділетті қоғам – баршаға мүмкіндік» ұраны аясындағы жобалардың ұйымдастырушысы, Korkem Alem компаниясыны басшысы Темір Сәкенұлы.
Айта кетейік, аталған жоба «Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қорының бастамасымен Жаңаөзен қаласы кәсіпкерлер қауымдастығы, спорт мекемелері мен жаттықтырушылар бірлестігі, қала әкімдігі қолдауымен орындалып жатыр. Жоба келесі жылы да іске асады.