7 наурыз күні Жаңаөзен қаласында кешкі сағат 18:30 шамасында 7 жасар қыз 5548 әскери бөлімінің сарбаздарына ұялы телефонын жоғалтып алғанын айтып шағымданған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Әскери жасақ басшысы Әділ Макбозов өз серіктестерімен ұялы телефонды іздеуге кіріседі. Олар сағат 20:41 шамасында жоғалған ұялы телефонды тапқан.
Сарбаздар телефон иесімен жолығып, телефонның шын мәнінде осы қызға тиесілі екеніне көз жеткізген соң оны иесіне табыстады. Қаланың кішкентай тұрғыны ұландықтардың атқарған адал қызметіне алғысын айтты.