Жаңаөзен қаласындағы №13 Дарын мектеп-лицейінде орналасқан №78 сайлау учаскесіне мүмкіндігі шектеулі қала тұрғыны Людмила Башкенова инвотакси қызметіп пайдаланып, сайлау учаскесіне келді. Жасы 40-тан асқан қайсар жан бүгінде массаж жасаумен қоса тоқыма мен би өнерін, спорттың боччи бағытын қатар алып облыстық, республикалық байқауларда бақ сынап жүр. Психолог мамандығы бойынша Ш.Есенов атындағы университетте білім алған.
-Республикамыздың әрбір азаматы бұл саяси шараға қатысып, өз дауысын беруді мәртебелі іс деп қабылдауы қажет. Өйткені ол сайлауға қатысып, өз дауысын беру арқылы кемел келешегі мен жарқын болашағын айқындап алады. Биылғы сайлау басқалардан өзгеше болады деген ойдамын.
Жалпы Қазақстан Республикасы азаматшасы ретінде еліміздің болашағына дәл менің дауысым қандай да бір үлесін қосса –соның өзі бір зор қуаныш деп ойлаймын. Дауыс беру – әрбір азаматтың негізгі парызы. Әркез еліміздің ертеңіне сеніммен қарайық,-дейді Людмила.