Жаңаөзен қаласының тұрғындары орталық тас жолдың жөнделмегеніне шағымданды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің телеграм-каналына жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұрғындардың айтуынша, шұңқыр жол жамау үшін дайындалған, алайда әлі жұмысы басталмай тұр. Қалада көлік саны өскен, сондықтан орталық жолдағы шұңқыр көлік иелерінің жол ережесін бұзуына әсер етеді.
– Әкімдіктен 2 шағынауданның 5-корпусы мен «Қазақтелеком» ғимараты арасындағы шұңқырды асфальттауды сұраймыз. Оны айналып өтпек болған жүргізушілер авариялық жағдай туғызады», - дейді жаңаөзендіктер.
Әкімдік 2023 жылы Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес елді мекендердің жолдарында пайда болған 2050 м2 шұңқырды жөндеу жоспарланғанын атап өтті.
– 2023 жылдың 27 сәуірінде мердігер «Global West Construction» ЖШС-мен 44 келісімшарт жасалды. Келісімшарт бойынша жұмыс 5 мамырда басталды. Бүгінгі таңда Рахат ауылындағы Тілендиев көшесі, Кендірлі ауылындағы Шерқала көшесі, Шұғыла, Көктем, Өркен шағынаудандары мен Достық, Абай көшелерінің бойында 1700 м2 жол жамылғысын жамау жұмыстары жүргізілді», - деп жауап берді Жаңаөзен қаласының әкімдігі.
Қала тұрғындары айтып өткен «Шұғыла» ықшамауданы Бейбітшілік көшесінің бойындағы асфальт төсеу жұмыстары 16 шілдеге дейін жүргізіледі деп жоспарланып жатыр.