Өңірде шетелдік көліктерді заңдастыру акциясының алдын ала қорытындысы шығарылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
– Маңғыстау облысында барлығы 12 460 автокөлік заңдастырылған. 1 шілдеге дейін өтінім берген барлық азаматқа автокөліктері заңдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда, заңдастыру құқығы беріледі, деп түсіндірді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕ” АҚ Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Еске салайық, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, 23 қаңтардан бастап 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруда. 1 шілдеден бастап заңдастыруға өтініш қабылдау тоқтатылды.