Yessenov University-де өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, аймақтың кадрларға қажеттілігі картасы қалыптастырылған. Бұл туралы университет ректоры Берік Ахметов қоғам алдында берген есебінде атап өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
“Университетте 349 штаттық профессорлық оқытушылық құрам жұмыс істейді, олардың 138-і ғылыми дәрежелері мен атақтары бар. Әр оқу жылы әр оқытушыға 50 000 тенге көлемінде өсіруді мақсат етті. Әкімшілік-басқару персоналдары үшін жылына 2 рет университет Президент-ректоры төрағалығымен комиссия отырысының нәтижесінде грейдтік жүйі арқылы жалақы мәселелері қарастырылады, - деді Берік Ахметов.
Университет ACQUIN халықаралық агенттігінде 30 білім беру бағдарламасы бойынша институционалдық аккредиттеуден және бағдарламалық аккредиттеуден өткен. Халықаралық QS Asian University rankings-2023 қатыса отырып, Yessenov University 551-600 орын аралығында орналасты. QS Asian University rankings - Central Asia бойынша 29-орында.
“ҚР ҒЖБМ-ның «Мамандығым – Болашақ» жобасы болды. Бұл жоба білікті кадрлармен қамтамасыз етудің өңірлік стандарттарын әзірлеуге және жаңа мамандықтар Атласын қалыптастыруға бағытталған. Жобалық кеңсе ретінде аймақтағы жетекші ЖОО – Yessenov University анықталды. Қазіргі таңда белгіленген жоба аясында өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, аймақтық кадрларға қажеттілік картасы қалыптастырылды. Форсайттық зерттеу барысында 700-ден астам респондент арасында сандық және сапалық өлшемдер жүргізілді, 8 білім беру бағдарламасы талданды, форсайт сессиясына 79 сала сарапшысы тартылды, 41 негізгі тенденция анықталып, 39 жаңа мамандық негізделді”, - дейді оқу орнының басшысы.