Бандалдар демалыс орындарын бүлдіріп кетуді тоқтатар емес. Әлеуметтік желілерде Жаңаөзен қаласындағы Арбат пен Ақтаудағы жағалаудың аянышты жағдайын көрсететін желі қолданушылардың видеолары шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Арбатта көшелерді жарықтандыратын электр сымдары жұлынып, жаяу жүргіншілер жолына тасталған.
– Бұл біздің Жаңаөзен қаласындағы Арбат. Біріншіден, қаулап шөп өсіп кетті, оны ешкім тазалап жатқан жоқ. Екіншіден, көшені жарықтандыру сымдары жұлынған. Бұрын бәрі әдемі жарықтандырылған еді. Ал қазір сымдар әр жерде ілулі немесе үзіліп жерде жатыр. Мұны кім бақылап, қадағалайды? – дейді мұнайшылар қаласының тұрғыны.
Ақтау жағалауындағы қоршаулар да бұзылған.
Бұзақылар жазаланады ма, Ақтау мен Жаңаөзендегі демалыс орындарының бөлігі қашан қалпына келтіріледі?
Сайт редакциясы қалалық әкімдіктер мен полиция департаментінен мәлімет күтуде.