Тұщықұдық ауылындағы «Нұрай» бөбекжайының ұжымы әрдайым ауылдың қоғамдық өміріне белсенді араласып, алға қойған мақсаттарды бірге еңсеруге атсалысып келеді. Әр сайлауда ұжым сайлау учаскесіне бір кісідей баруды дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да сол үрдістен жаңылған емес. Бүгінгі халықтың мұң-мұқтажын жоғары билікке жеткізетін депутаттар сайлауына бөбекжай қызметкерлері ұжымның ішкі бірлігін көрсетіп, ұлттық киіммен келіп ел үшін маңызды таңдауға үлкен үлес қосты.
«Бүгінгі 19 наурыз - біздің еліміздің бірлігі мен тұтастығын, ынтымағын, болашаққа деген сенімін, азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн. Бұл сайлау елімізге жаңа серпін әкеліп ғана қоймай, болашаққа нық қадам жасауға үлкен мүмкіндік берері айқын. Осындай күрделі шақта ел тағдырына бейжай қарамай, саяси науқанға белсене қатысу – барлығымыздың азаматтық борышымыз деп білеміз. Ең бастысы, біз дұрыс таңдау жасауымыз қажет. Себебі, елге жанашыр азаматтарды таңдау арқылы, біз елдің болашағын таңдаймыз. Сол себепті сайлауға белсенділікпен қатысып, әр адам өз жарқын болашағына дауыс беруі қажет."-дейді ұжым қызметкерлері.