Аудан басшысы Форт-Шевченко қаласында орналасқан №227 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Аталған учаскеде 2 307 сайлаушы тіркелген.
Аудан әкімі бүгін ел болашағы үшін аса маңызды күн екенін атап өтті.
- Сайлауға қатысу – әрбір Қазақстан Республикасының азаматы мен азаматшасының конституциялық құқығы және елдің болашағы үшін аса жауапты әрекет. Мен де аудан тұрғындарымен бірге осынау еліміз үшін маңызды күнде дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым, - деді Р. Елтизаров
Айта кетейік, қазіргі кезде Түпқараған ауданының аумағында барлығы 14 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Оларда дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша таңғы сағат 7:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.