Жаңаөзен қаласындағы Неке сарайында орналасқан №84 сайлау учаскесіне көпбалалы ана Жәмила Боранбаева келіп, өз дауысын берді.
- Өз дауысымды беруге келдім. Осындай еліміз үшін саяси науқанда ешқайсымыз қалыс қалмауға тиіспіз деп ойлаймын. Өйткені, мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға жіті көңіл бөлінуде. Аллаға шүкір жолдасым екеуіміз 8 бала тәрбиелеп отырмыз. Оның ішінде егіздер де бар. Шешуші сәтте қарап қалуға болмайды. Бүгінде Үкімет тарапынан қолдаулар бар, ай сайын жәрдемақыны тұрақты алып тұрамыз. Жыл сайын көп балалы жанұяға берілетін жәрдемақы көбейіп келеді.
Сайлау – еліміздің алдағы даму бағдарын белгілейді. Мемлекет тағдыры үшін аса маңызды саяси науқанда әрбір азамат саналы түрде сайлауға қатысып, дауыс беруі керек деп ойлаймын. Өйткені ол әр азаматтың өзінің тағдырына, қала берді ел тағдырына әсер етпек. Бұл сайлаудан, келешектен үлкен үміт күтемін. Кішкене балаларымыздың болашағы жарқын болсын деп тілеймін. Еліміз аман, болашағымыз жарқын болсын, – дейді батыр ана Жәмила Боранбаева.