Сайлау барысын бақылаушылар үшін саяси науқанның ашық әрі жария өтуі маңызды. Ақтаудағы №53 сайлау учаскесінде бақылау ретінде бекітілген «Ақ жол» партиясының өкілі Дариға Назарова сайлаушылардың дауысының әділ берілуін қадағалауда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Дариға Назарова үшін қандай да бір партияның жеңіп, жеңілгені емес маңызды емес. Ол бақылаушы ретінде ешбір партияның сойылын соқпайтынын айтады. Тек сайлаушылардың дауысын қорғап, күні бойы тапжылмай бақылағаны үшін ешкімнен ақы алуды көздемейді.
- Күнұзақ сайлауды қадағалап отырмыз. Біздің учаскеде ешбір заң мен тәртіп бұзушылық әрекеттері тіркелген жоқ. Келген сайлаушылар өз таңдауларын жасап жатыр. Мұнда сайлаушылардың еш кедергісіз дауыс беруіне барлық жағдайлар жасалғанына куә болдық. Комиссия мүшелері де тұрғындармен өте мәдениетті сөйлесіп, жұмыстарын істеп жатыр. Біздің «Ақ жол» партиясының атынан ешқандай шағымымыз жоқ. Халықтың мемлекет болашағына бей-жай қарамайтындығы қуантып отыр. Бүгінде сайлау процесіне тәуелсіз бақылаушыларға сайлау процесіне қатысу үшін қатаң талаптар қойылғаны белгілі. Учаскелік сайлау комиссияларындағы сауатты әрі әділ бақылаушылардың болғаны жөн. Сонда ғана олар сайлауды дұрыс бақылап, тиісті ескертпелер жасай алады, - деді бақылаушы Дариға Назарова.
«Ақ жол» партисының өкілі ретінде Ақтаудағы сайлау учаскесіндегі бақылаушы болып отырған басты қағидаттының бірі ретінде — бейтарап және принципшіл болуды атады.
Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында 8 аумақтық, 118 округтік және 247 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.