Сайлауға белсене қатысып, дауыс беруді азаматтық парызым деп санайтын азаматтар қатары қалың. Олардың арасында Бейнеу ауданының Құрметті азаматы, Ауған соғысы ардагерлері аудандық кеңесінің төрағасы Шайхы Азанов өзі тіркелген №118 сайлау учаскесіне алғашқылардан болып келіп, дауыс берді.
-Бейбіт елдің болашағы баянды болатыны анық. Бүгінгі сайлау- әділетті қоғам орнатуға бет бұрған еліміз үшін маңызды тарихи күн деп есептеймін. Халық таңдауы бойынша Парламент Мәжілісіне және мәслихаттарға сайланған депутаттар өміршең өзгерістерді одан әрі жалғастырып, ел дамуына серпін беретін заңдар қабылдауда ел мүддесіне сай адал қызмет атқарады, деп сенемін. Сондықтан, бүгінгі сайлауға белсене қатысып, дауыс беру-азаматтық парызымыз. Мен елдің жарқын болашағы үшін дауыс бердім, -дейді Шайхы Жанбайұлы.