Ақтау гарнизонындағы теңіз жаяу әскерлерінің Айбек пен Айдын Бұхарбол егіз сарбаздар, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасап, дауыстарын берді.
Біз Отан алдындағы борышымызды адал атқарып, мемлекетіміздің патриоты ретінде, елімізді жарқын болашағы үшін осы маңызды іс-шараға белсенді қатысып жатырмыз, біз өз таңдауымызды әскери бөлімдегі сайлау учаскесінде жасадық және барша Қазақстандықтарды сайлауға шақырамыз, – деді Айбек пен Айдын Бұхарболдар
Айта кетейік, сайлауға қатысып жатқан мерзімді әскери қызметшілердің басым бөлігі алғаш рет дауыс беріп жатқан сарбаздар.