24 наурыз күні сағат түнгі 01:50-де Түпқараған ауданы №4 ӨСБ диспетчеріне кәмелетке толмаған 3 жасөспірімнің есік алдына ойнауға шығып, үйіне қайтып оралмағандығы туралы хабар келіп түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, 2012, 2014, 2018 жылдары туған 3 ер баланы іздестіру жұмыстары Форт-Шевченко қаласы, Баутино ауылы және Аташ кенті бағыты бойынша жүргізілген.
Іздестіру жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 8 адам, 3 бірлік техника, ЖАО 80 адам, бірлік техника, Полиция департаменті жеке құрамынан 40 адам, 6 бірлік техника, волонтерлар мен ауыл тұрғындарынан 500 адам жұмылдырылған.
23-і күні жоғалып кеткен 3 бала 24-і түні таңғы сағат 03:40-та көрші үйдің сарайынан табылған. Ал ол уақытта көршілері үйде болмаған.