Ақтау тұрғындары жағалаудағы ақылы әжетхананың жай-күйін видеоға түсірген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Әлеуметтік желіде жарияланған видео 15 шағынаудан жағалауындағы жаңа әжетханада түсірілген.
"Бұл 12 миллионның жаңа әжетханасы! Ақылы дәретхана болғандықтан іші таза болуы керек. Ал мұнда қоқыс жәшігі толып кеткен, унитаз лас. Мен баламды әжетханаға апара алмадым. Неге ішін тазаламайды? Тек ақша алады», - деп ашуланды қала тұрғындарының бірі.
Редакция Ақтау қаласы әкімдігінің «Жаңа ақылы дәретханаларды тазалау қарастырылған ба?» деген сауалына жауап күтуде. Егер иә болса, тазалау қаншалықты жиі жүргізіледі?