Маңғыстауда өңір тұрғындары теңіз жағасынан көне кеменің қалдығын тауып алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Біз тағы да ғажайыптың куәгеріне айналдық. Теңіз суы тартылған соң жердің астынан ағаш кеме шықты. Тағы әріректе екіншісі жатыр. Еретеде бұл үлкен кеме болғаны қаңқасынан көрініп тұр. Теңіз жағада барған едім. Келсем қаланың жігіттері металға тапсыру үшін зәкірін тартып шығарып жатыр екен. Бұл кеме қалдықтары теңіз тартылғанда ашылып қалған. Астын қазса қымбат қазына шығып қалуы мүмкін. Ертеде балықшылардың 7 кемесі кетті деген аңыз бар еді. Бұл солардың бірі болуы әбден мүмкі», - дейді бейнежазбаға түсірген өңір тұрғыны.
Ағаштан жасалған қайықтың ұзындығы жобамен 20 метрге жуықтайды. Ал оның қай уақытта апатқа ұшырап я су астында қалғаны белгісіз. Экологтардың айтуынша, ертеде Каспий теңізінің деңгейі қазіргіден едәуір төмендеген кезеңдер болған. Бұл табылған ағаш қайықтар сол уақытта құмда қалып, кейін су көтерілгенде теңіз түбіне кеткен болуы мүмкін.