Маңғыстаулық полицейлермен заңсыз бекіре балығы тәркіленді6 деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Түпқараған ауданынан заң бұзған күдікті анықтап, қолға түсірді.
«2022 жылдың 5 қарашасында сағат 22:40 шамасында полицейлер «Nissan X-Terra» маркалы автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында жалпы салмағы 24 келіні құрайтын 7 дана бекіре тұқымдас балық анықталып, тәркіленді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 44 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.