Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 11-шағын ауданда "ВАЗ-2114" маркалы автокөлікті тоқтатты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Құжаттарды тексеру кезінде масаң күйде ұсталған жүргізушіні полицейлер наркологияға апарады, бірақ жүргізуші медициналық тексеруден өтуден бас тартты. Сондай-ақ, құжаттарды тексеру барысында жүргізушісін Ақтау қалалық соты өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырғаны анықталды.
Бұл факт ҚР ҚК 346-бабы бойынша Ақтау Қ. ЕҚДБ - да тіркелген. Тергеу жалғасуда. Осы бапқа сәйкес құқықбұзушы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.