Кеше түнде қатты желден Шетпедегі арбат алаңында құрылған шырша құлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шыршаны «Маңғыстау жылу, су» мекемесінің жұмысшылары село әкімшілігінің сұранысы бойынша орнатқаны белгілі болды. Кәсіпорын өкілдері бюджет қаражатынан бір тиын да алмағандарын жеткізді.
- Түнде қатты желдің салдарынан арбатта құрылған шыршаның құлағаны рас. Шыршаны аудан тұрғындары үшін село әкімшілігінің сұранысы бойынша орнаттық. Оған қаржы сұрап, бюжет қаржысын шығындағанымыз жоқ. Ескі шыршадан қалған материалды базамызда сақтаған едік, оны дәнекерленген темірге жабыстырып, құрдық. Құлап қалмау үшін астына ауыр темірден тұғыр жасалды. Аз уақытқа тұратын шырша үшін арбаттағы төсенішті бүлдірмейік деп жерге қазықпен бекітпедік. Алайда 20 м/с жылдамдықпен соққан жел екпіні шыршамызды құлатып кетті. Шыршаны қалпына келтіреміз. Орын алған кемшілік үшін кешірім сұраймыз, - деп жауап берді «Маңғыстау жылу, су» МКК.