© nationalgeographic.kz
Шерқала тауы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 17 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
Шерқала тауы - ежелгі жер сілкіністері нәтижесінде пайда болған төрткүл ақ бор тау. Шерқала тауының биіктігі 308 м. Шерқаланың жақын маңайында шар тәрізді тастар мен тұтас гранитті сомтастар көптеп ұшырасады.
Таудың солтүстік бөлігі үздіксіз соққан желдің әсерінен қажалып, өзгеріске ұшыраған. Осы желдің әсерінен оның жан-жағынан пайда болған жеке түзілістерді де байқауға болады. Ал оңтүстік бөлігі мен шығыс жағы тік жарлы. Жоғарғы жағы тегіс, адамның жүріп-тұруына ыңғайлы. Таудың етегінде төбесіне апаратын үңгір бар.
«Шеркала алыстан Қасиетті Рим пантеондарына, ежелгі ғасырлардағы ескерткіштерге ұқсайды. Аңызға айналған таңғажайып Шеркала тауы - Маңғыстау облысының табиғи символы. Белгілі бір жағынан ол Ақмыш жерінің қатпарларында мифтік алыптар-көшпенділер қойған алып киіз үйге ұқсайды.
«Шерқала жайындағы аңыздардың бірінде, ертеректе қаптаған жаулардан бір топ айбынды жауынгерлер тауды қорған еткен делінеді. Олар жаумен жолбарыстарша алысыпты. Тауды қорғаушылардың қалғаны тау ішіндегі жерасты жолдарына тығылып, сол жерде мәңгі қалып қойыпты. Осындай батырлық пен тәуелсіздіктің тірегі – Жолбарыс қала немесе Шерқала деген атау осылай пайда болған», деген аңыз бар.