ҚР Халық әртісі Роза Рымбаеваны бейнеуліктер зор ықыласпен қарсы алды. Концерт өтіп жатқан залда ине шаншар орын жоқ, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
-Алыс жолдан келгенде зал толып отырса біз үшін бақыт деген сол. Мен бақытты әншімін! - деп Роза Рымбаева Бейнеу халқына ризашылығын білдірді.
Бұған дейін Роза Рымбаева ән кешін Түпқараған ауданы мен Қарақия ауданында өткізді.
Роза Рымбаеваның «Сахнада – 50 жыл» атты мерейтойлық концерті Маңғыстаудың барлық ауданы мен қаласында өтіп, Ақтауда қорытындыланады.
Кеште Роза Рымбаева танымал әндерін орындап, көптің қошеметіне бөленуде. Қос ұлы Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев та өнер көрсетіп, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап жүр.
Айта кетейік, концерт Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін тегін ұйымдастырылып жатыр.