Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының “Ақжарма” фольклорлық ансамблі мен “Жорға” би ансамблі Латвия мемлекетіндегі Қазақстан елшілігінің арнайы шақыртуымен Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шараға қатысу үшін аттанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.
Наурыз айының 10-17 аралығында өнерпаздар Латвия және Австрия мемлекеттеріндегі Наурыз мерекесіне арналған шараға қатысып өнер көрсетпек.
Маңғыстаулық өнерпаздарды Басқарма басшысы Әбілқайыр Байпақов бастап барады.