Бүгін, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні аясында Қазақстанның еңбек ері, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның «Сахнада – 50 жыл» атты мерейтойлық концерті өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кешке жиналғандардың қарасы қалың болды. Мерекелік кеште Роза Рымбаева өзінің орындауында «Атамекен», «Мен құпия ғашықпын», «Балдәурен» «Сенем» атты танымал әндерін көпшілікке паш етті. Сахна төрінде әншінің ұлдары - Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев та өнер көрсетті.
Концертке аудан әкімі Сымбат Төретаев қатысып, құттықтау тілегін білдіріп, өнер иесіне «Ықылас гүлін» тарту етті.
Жанды дауыста ән шырқаған Роза Рымбаева мен ұлдарына халықтың ықыласы ерекше болды.
Айта кетейік, концерт Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін тегін ұйымдастырылды.