Ақтауда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Есбергенованың тапсырмасына орай "Құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігі" бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
15-17 тамыз аралығында Маңғыстау облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы, мүшелері, кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшелері, "AMANAT" партиясының депутаттары ПД қызметкерлерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандар мен олардың ата-анасына түсіндіру-профилактикалық шара өткізілді. Үш күн ішінде 254 жасөспірімнің тұрғынжайдан тыс жүргені анықталды.
Сонымен қатар жасөспірімдерге спорт үйірмелеріне баулуды, заңды өкілінсіз түнгі мезгілде жүрмеуді, тазалықты сақтауды ескертті.
- Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ата-ана немқұрайды қарамауы қажет. Кәмелетке толмағандардың сағат 22.00-ден кейін түнгі клубта, 23.00-де өзінің тұрғылықты мекенжайынан ата-анасыз, яғни қамқоршы заңды тұлғасыз жүруіне болмайды, - дейді ПД өкілдері.