«Рауан» тұрғын массивінінің тұрғыны Жұлдыз Исенбайқызы үйінде жұмысшылардың арнайы киімін тігеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жұлдыз Исенбайқызы үйінің бір бөлмесін тігін цехіне айналдырған. Онда жалғыз өзі жұмысшылардың арнайы киімін, тіпті нәрестелерге қажеттіні тігеді. Осы уақытша дейін ондаған қыз-келіншекке тігіннің қыр-сырын үйреткен. Ал Өмірзақ ауылының әкімі Бисенғали Кенжалиев кәсіпкермен кездесіп, жұмысымен танысқан. Ол ісмерге ауыл әкімі әрі тұтынушы ретінде қолдау көрсететін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.