Іскер әйелдер қауымдастығы өңірде 2000 жылы құрылды. Қазіргі таңда ұйым бірнеше жобаларды іске асырып жатыр. Солардың бірі - «Іскерлік байланыстар бағдарламасы». Жоба аясында өз кәсібінің өрісін кеңейткен іскер әйелдер тәжірибе алмасу мақсатында әр алуан кездесулер ұйымдастырады, деп хабарлайды mangystaumediа.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
- Атырау қаласындағы «Іскер әйелдер қауымдастығының» мүшесі Ақтауда жаңа кәсібін жаңғыртып жатыр. Осындай басқосуларда жиі жүздесіп, өзара тәжірибе алмасуды көздеп келеміз. Нетворкинг арқылы жаңа орта қалыптастыру бизнес бастамаларды қолдауға ерекше мүмкіндік береді. Жеке кәсібін жүргізуде толымды тәжірибеге ие жандармен пікір алмасқан жастар табыс көзін еселеудің тиімді тетіктері мен тәсілдері, нарықтағы нақты ахуал, сұраныс пен әлеуетті мүмкіндіктері жөнінде мардымды мағлұмат алады. Біздің мақсатымыз жастарды тәрбиелеп, бизнесте әрі өз өмірінде жетістікке жетуіне септесу,- деді кәсіпкер Анара Кульчикова.
Атырау облысы «Іскер әйелдер қауымдастығы» жастар қанатының жетекшісі Зарина Қуанышева ұйымға 30-ға жуық нәзік жанды мүше екенін айтады.
- Атырау қаласынан Ақтауда жеке кәсібін ашып жатқан әріптесімізді қолдау үшін арнайы келдік. Теңіз жағалауы жанынан іске қосылған жаңа бастама табысты болғай. Ақтаудағы тәжірибесі мол әріптестерімізге де қолдау көрсеткені үшін айтар алғысымыз шексіз,- дейді Зарина Қуанышева.