Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы А. Ж. Тұрсынбеков Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде оқитын Өзбекстан Республикасының азаматтарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бас консул "адам – қоғам – мемлекет" негізгі қағидатын және "адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті үшін" идеясын ілгерілетуді көздейтін Өзбекстан Республикасының Негізгі заңына енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызын егжей-тегжейлі түсіндірді. Конституцияға енгізілген түзетулер, ең алдымен, жаңа Өзбекстанды құруға бағытталғаны атап өтілді, онда негізгі заң деңгейінде адамның құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау, оның әлеуметтік қорғалуы мен экономикалық әл-ауқаты кепілдіктері бекітілетін болады.
Сонымен қатар, дипломаттар студенттермен консулдық-құқықтық қызмет бойынша әңгімелесті. Кездесу қорытындысы бойынша студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.