Ақтау қаласының әлеуметтік парақшаларының бірінде 1а шағын ауданындағы инфекциялық аурухана аумағында тұрақ аймағы туралы бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Бұл жерге адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді. 150 автомобильге арналған орын сонда не үшін керек? Жаздың қырық градус ыстығында немесе қыстың қатты желінде науқас адамды әкелгендер қақпада, яғни, 4-5 адамнан тұратын бақылау-өткізу пунктінің жанында тұруы керек", - дейді бейнежазба авторы.
mangystaumedia.kz сайтының редакциясы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түсініктеме күтеді.