"Мектепке және білім саласының айналасына жұмысқа орналастырып беремін" деп алаяқтық әрекет жасаған 35 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны ұсталды. Ол өзін “Гүлмира” деп таныстырған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласының полиция басқармасына сілтеме жасап.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- Құрметті қала тұрғындары! Жақындарыңыз, таныстарыңыз осындай жайға тап болса, дереу Ақтау қаласы полиция басқармасына келуге немесе 102-нөмеріне қоңырау шалуды сұраймыз. Сонымен қатар кез келген ұсынысты қабыл алмай, толық тексеріп алуды ескертеміз! Жұмысқа тұруға берген ақша заңға кайшы әрекет екенін естерінізге саламыз, - делінген хабарламада.