Ақтау тұрғындарының бірі теңізде суға батып кеткен адамдар санының көбеюіне байланысты мемлекеттік органдар азаматтарды судағы өзін-өзі ұстау және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйретуді қарастыру керектігін атап өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Сұраймыз және ұсынамыз" дегенді тоқтататын кез келді, біз барлық мекемелерді, соның ішінде әкімдіктерді барлық қызметкерлерін міндетті түрде оқытуға міндеттеуіміз керек. Сонымен қатар жай ғана көрсетіп, ресми түрде ғана емес, шын мәнінде қолданатын және толық көлемде үйретілгені жөн. Әсіресе, меншік түріне қарамастан білім беру ұйымдарының барлығы қамтылуы керек. Сонымен қатар демалыс орындарының иелеріне барлық қызметкерлерін судағы өзін-өзі ұстау және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелеріне міндетті түрде оқыту курсын өткізуді, базаға келушілерге ақпараттық буклеттер дайындап, таратуды міндеттеу қажет деп ойлаймын. Адамдармен тегін сабақ өткізуге дайын еріктілер мен ұйымдар бар ғой, сондықтан осы мәселені тезірек қолға алыңыздар», - деп талап етті қала тұрғыны.
Mangystaumedia.kz сайты суға батып бара жатқан адамды қалай тануға болатыны туралы материал жариялады. Зерттеу нәтижесі бойынша, адамдар суға тыныш және үнсіз батады екен.