Бүгін брифингте Руфат Құттықов облыстық прокуратураның алғашқы жартыжылдықтағы жұмысын айтып, «МАЭК» ЖШС-не жүргізілген кешенді тексерудің қорытындысын мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Облыстық прокуратураның мәліметінше,
күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі сумен жабдықтау жобаларының орындалуын бақылау. Биыл су тапшылығын шешу мақсатында жалпы сомасы 22,8 млрд теңгеге 9 жоба іске қосылады. 4 тұщыландыру қондырғысы салынады. Сонымен қатар МАЭК кәсіпорнында жүргізілген тексеру нәтижесінде 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, 11 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
– Қаржыны ұтымсыз пайдалану және жоқ жандарды жұмысқа орналастыру бойынша үш қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу шаралары жүргізілуде, – дейді Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов.