Облыс әкімі 26 және 27 қазан күндері Мұнайлы ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
26 қазанда Н. Ноғаев Қызылтөбе және Батыр ауылдарының тұрғындарын қабылдаса, қазанның 27-сі күні Атамекен, Маңғыстау тұрғындарымен кездеседі.
Айта кетейік, Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың елді-мекендерде халықпен кездесулері Қазақстан Республикасы Президентінің 03.03.2022 жылғы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес ұйымдастырылады.