Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйінің «Нарату»домбырашылар ансамблі халықаралық байқауда 2-орын иеленіп, аудан абыройын асқақтатты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқау Түркістан қаласында «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген. Сайыста ТМД елдерінен келген 35 қатысушы бақ сынаған. Әрі қарай 2-кезеңге 21-і өтіп, финалға 7 қатысушы қалған.
Маңғыстаулықтар «Аспапта орындау» номинациясы бойынша Grand FINAL-ға жолдама алған. Олар 1-кезеңде «Әке толғау», 2-кезеңде «Янка» классика жанры (қосымша әділқазылар сұрауымен «Ерке сылқым»)
және 3-кезеңде «Балбырауын» күйін орындаған. Осылайша, шығармаларды нақышына келтіре ойнап, әділқазылардан жоғары ұпай жинап, 2-орынға ие болды.
- «Нарату» ансамблінде 30-ға жуық домбырашы бар. Жарысқа тек 17 адам барды. Барлығы 10-15 жас аралығындағы балалар. Сәуір айында олар Ақтау қаласында өткен байқауда "Нәр ағаш" күйін орындап, Түркістан қаласына тегін жолдама алған болатын. Мұнайлылықтарды жеңіспен құттықтаймыз! 35 қатысушының ішінен 2-орын иелендік,-деді ансамбль жетекшісі Нұрсұлтан Есенов.