Спорт күні және Маңғыстау облысының дене шынықтыру басқармасының 50 жылдық меретойы қарсаңында жүгіру және велошеруден марафон өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жаппай жүгіру 17 тамыз күні сағат 19:00-де басталады.
Өтетін жері: Сөре - «I love Aktau» стенді.
Мәре: «Амфитеатр» алаңы
Ал велошеру 18 тамызда сағат 09.00-де өтеді. Жиналу уақыты - 08.00.
Сөре - «Самал»шағынауданы
Мәре: Ақбота паркі
Спорттық шараға кез келген қала тұрғыны қатыса алады.