Chevrolet Aveo көлігін тізгіндеген жүргізуші Мұнайлы ауданының Бесшоқы ауылында 7 жасар қызды қағып кеткен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның 102 кезекші пультіне жол апаты туралы қоңырау 18 қаңтар күні сағат 17:30 шамасында түскен.
Chevrolet Aveo автокөлігінің жүргізушісі 7 жастағы қыз баланы қаққан. Жасөспірім жаяу жүргінші белгіленбеген жолды кесіп өткен. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Жасөспірім ауруханадан шыққаннан кейін сот-медициналық сараптама тағайындалады. Ал «жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті» деген ақпарат – жалған, - деді МО полиция департаментінің баспасөз хатшысы.