Дәстүр бойынша қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті Жолдауын жолдады. Ел Президентінің сөзі көптеген салаларды қамтыды: саясат, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, аграрлық сектор, өндіріс және өңдеу өнеркәсібі, бизнес, әскери-өнеркәсіптік кешен, энергетикалық қауіпсіздік, сонымен қатар баса назар аударылған экономикалық саясат тақырыбы.
Үндеудің әрбір жолының астарында атқарылған, атқарылып жатқан және бүкіл ел енді ғана басталғалы тұрған орасан зор жұмысты сезінуге болады. Жолдауда айтылған жобалар мен бастамалардың барлығы егжей-тегжейлі есептеулер мен зерттеулерге негізделгенін Президент анық айтты.
Жолдауда ішкі мәселелерді шешу жолдары ғана емес, міндеттер заманауи әлемдік трендтермен, мысалы, білім сапасын, қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтер және мемлекетті аппаратты бюрократиясыздандырумен тығыз байланысты IT саласы мен цифрландыру жоспарымен тығыз байланыстырылған. Жолдауда осы тақырыпқа ерекше мән берілген.
Сонымен қатар Қазақстанның ресурстық экономикадан инновациялық индустрия стандарттарына бет бұрғаныә қуантады.
Алдағы әкімшілік реформадан тек мен ғана емес, көптеген отандастарым да мемлекеттік органдардың тиімділігі мен жауапкершілігін арттыруға үлкен үміт артады деп ойлаймын. Бұдан былай реформалардың негізгі жауапкершілігі атқарушы билік жүйесіне жүктелетін болады. Салалық шешімдерді дайындау және жүзеге асыру, қажетті нәтижелерге қол жеткізу толығымен министрлердің міндеті, олар өз бұйрықтарымен қажетті шешімдерді жедел қабылдап, жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс. Бұл жергілікті әкімдерге де қатысты.
Сонымен қатар мемлекет басшысының биліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің өркениетті қағидаттарын белгілеу жөніндегі бастамасы да үлкен құрметке лайық. Мәселен, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін азаматтар екі жылдан астам уақыттан бері сайлап келеді. Ал енді аудан, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау үдерісін меңгеру керек. Бұл шара азаматтардың жергілікті атқарушы билік деңгейінде шешім қабылдауға тікелей қатысуын кеңейтпек.
Сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылықты қылмыс деп санау, балаларды қорғау және мұндай қылмыстар үшін жазаны қатаңдату өте дұрыс қабылданған шешім екенін айта кеткен жөн.
Жалпы Әділ Қазақстанды құруға азамат ретінде барлығымыз үлес қосамыз. Әр адам өзіне тиісті жұмысты толық атқарып, азаматтық ұстанымы мен тұлғалық қасиеттерін белсендірек танытса, мүмкіндігі тең, ілгерілеуші елдің имиджі әбден шынайы болады деп ойлаймын.
Жібек Ахметова,
«Маңғыстау облысының азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті