Маңғыстау ауданындағы Қызан ауылында тұратын Қылышбек Сәрсенғожин мен жұбайы Маржангүл Жұманазарованы ауылдастары үлгі етеді.
Қылышбек пен Маржангүл 2-топ мүгедегі, бірі темірден түйін түйген шебер, екіншісі - тігінші.
Қылышбек темірден ауылдастарына күнделікті тұрмыста пайдаланатын құрал-жабдықтар жасап береді. Қолынан шыққан дүниелер ауыл тұрғындарының қажетіне жарап отыр. Қылышбек шелек, күрек, бел, от салғыш, турник пен ағаштан жасалған бұйымның әр түрін дайындайды.
Ал Маржангүл Жұманазарова қыз жасауы, құрақ көрпе, бешпент, камзол мен түрлі үлгідегі көйлек тігеді.
Ауыл тұрғындары отағасы Қылышбек пен зайыбы Маржангүлдің қолынан шыққан дүниелер сапалы екенін айтады. Олар екі ұл мен үш қыз тәрбиелеп отырған жанұя.