Маңғыстаулық спортшылар грэпплинг және грэпплинг гиден ҚР чемпиондары атанды, деп mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21-24 сәуір аралығында Павлодар қаласында жастар арасында грэпплинг және грэпплинг ги бойынша ҚР чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде Қазақстанның 19 өңірінен барлығы 646 қатысушы ноги және ги бағдарламалары бойынша бақ сынады.
Маңғыстау құрамасында өнер көрсеткен спортшылар да жақсы нәтиже көрсетті. 2006-2007 жылы туған спортшылар арасында 42 келіде ги бойынша алтын жүлдені Еркебұлан Исламғали, ги бойынша алтын жүлдені Айтбаев Сағындық иеленді.
46 келіде ги бойынша Нұралы Нұржан, 50 келіде Исламғали Мирас күміс жүлдегер атанса, 63 келіде ноги бойынша Туралиев Жалғас, 76 келіде ги бойынша Тулеубаев Алібек күміс жүлде иеленді.
85 келіде Елемес Бақырыс ноги бойынша қола жүлде, ги бойынша алтын медаль, 110 келіде Сабидулла Санжар ноги бойынша қола жүлде, ги бойынша жеңімпаз атанды.
Ал 2003-2005 жылы туған спортшылар арасында 62 келіде ги бойынша Аслан Бақытқалиев күміс жүлде, ноги бойынша Артықбай Бекзат қола жүлде иеленді. 77 келіде Халидолла Темірлан ноги бойынша қола жүлде, ги бойынша алтын жүлде, Мыңбосын Еркебұлан ноги бойынша, 84 келіде Бекарыс Медеуов ги бойынша қола жүлде иеленді. Ал, қыздар арасында 52 келіде ги бойынша Нұршаттық Жақсыгелдиева қола жүлдеге, 65 келіде екі бағдарлама бойынша да күміс жүлдеге ие болды.
Бұл жарыс Варшавада (Польша) өтетін әлем чемпионатына іріктеу. 17 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгі 1-2 орын алған спортшылар әлемдік аренада ұлттық құраманың атынан өнер көрсетеді. Маңғыстаулық 11 спортшы әлем чемпионатына жолдама алды.