Маңғыстау облысының мектептерінде бұл күндері дәстүрге айналған «Әліппемен қоштасу» мерекесі өтіп жатыр. Бірінші сынып оқушылары әліппені оқуды аяқтап, оқу мен жазуды үйренудің жаңа кезеңіне көшеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«Әліппемен қоштасу» мерекесі Ақтау қаласындағы «Өркен» мектебінде де өтті. Оған бірінші сынып оқушылары, олардың ата-аналары мен ұстаздары қатысты. Оқушылар өздерінің ерекше қойылымдарын, оның ішінде сахналық қойылым, жаңылтпаш пен әліппе туралы әндерін дайындады.
Ұстаздар мен ата-аналар оқушыларды құттықтап, әліппені меңгерудегі жетістіктерін айтып, алдағы оқуларына сәттілік тіледі.
Оқудың алғашқы және ең қиын кезеңдерін аяқтағаны үшін бірінші сынып оқушылары естелік сыйлықтарға ие болды.