Жаңа көліктердің кілтін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев табыс етті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрі Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының кәсіби қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар өрт сөндіру техникасының жаңартылуы жұмыс сапасы мен тиімділігіне сөзсіз әсер ететінін атап өтті.
Көліктер паркі 16 бірлік негізгі, жеті бірлік арнайы және сегіз бірлік қосалқы көліктермен толықты.
Қаржылық лизинг арқылы 29 бірлік техника және жергілікті бюджеттен 2 бірлік техника сатып алынды. Жаңа авариялық-құтқару техникасы төтенше жағдайларда жедел қызмет көрсетуге, өртті сәтті сөндіруге және азаматтардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.