«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «КазТрансОйл» АҚ, «КазАзот» АҚ, «Каскор-Транссервис» АҚ ұжымдары және «Мастер Дом» құрылыс дүкені қызметкерлері белсене қатысып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кезектегі сенбілікте Каспий теңізі жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке 200-ден астам адам қатысып, 12 қап әртүрлі қалдықтар, 7 арнайы техниканың көмегімен қамыс қалдықтары шығарылды!
Өңірдегі түрлі компания қызметкерлері экологиялық акцияның маңыздылығын ескере отырып, басқа да мекемелерді белсене қатысуға шақырды.