Ақтау қалалық білім бөлімі мен қаладағы білім беру ұйымдарының басшылары тәртіп сақшыларымен бірге түнгі рейдке шықты. Мектеп директорлары ата-аналардан түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қаласында жалпы 52 білім беру ұйымы бар. Бүгін қала бойынша 2871 оқушы мектеп бітіріп жатыр. Түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының басшылары ата-аналарға үндеу жолдады.
Мектеп түлектерінің қауіпсіздігі қатаң бақылауда. ҚР Заңында көрсетілгендей сағат 23:00-тен кейін оқушылар ата-аналарының қарауынсыз қалмау керек. Ата-аналардан түнгі мезгілде балаларыңдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұраймыз, - деді Т.Әшімбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің директоры Светлана Қалиева.