Киберқылмыспен күрес — құқық қорғау органдары үшін күн тәртібінен түспейтін жұмыс бағыттарының бірі. Маңғыстаулық полицейлермен бұқара халық арасында алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрақты негізде ескерту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған жұмысты күшейтіп, қылмыстың жолын кесу үшін Маңғыстау облысы полиция департаментінде арнайы “Киберпол” тобы өз жұмысын бастады. Жаңа құрылымның ашылу рәсіміне ПД бастығы полиция генерал-майоры Аян Дуйсембаев қатысып, топтың қызметімен толығырақ танысты.
Мұнда киберқылмысқа қарсы күрес бөлімнің тергеу әрекеттерін жүргізу, жедел-криминалистикалық, ғаламтор желісінде мониторинг жүргізу және жедел-тергеу топтары алаяқтықпен күрес жолында қызмет етеді.