Ақтау қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше аудиосаяхатқа шақырады. Қала ғажайып дүние жасау үшін адасып кеткен жанды аудиосеруенге қатысушылармен бірге іздемек. Саяхат сенбіде, 14 қазан күні сағат 11:00-де өтеді. Кездесу орны: Тарас Шевченко ескерткіші, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Душа Актау» аудиопроменадының бағыты Жартас соқпақ бойымен өтпек. Бұл сапарда жергілікті тұрғындар да қаланы жаңа қырынан таниды!
Серуен барысында театрландырылған қойылым, экскурсия және медитация болып, шамамен 1 сағат уақытты алады. Саяхатқа ыңғайлы аяқ киім кию қажет, үлкен сөмке алмаған жөн. Сондай-ақ ауа-райына сай киініп, өзіңізбен бір бөтелке су алуды ұмытпаңыз.
Қатысу – тегін, бірақ алдын ала аккредитацияны қажет етеді.
Байланыс нөмірлері:
Аудиопроменадты «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ тапсырысы бойынша KOMPAS Touroperator туроператоры ұйымдастыруда.