Жаңаөзен қаласындағы газ өндеу зауытының құрылысы 2025 жылы аяқталады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысынан сайланған Сенат депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-министр Әлихан Смайылов зауыт құрылысы алдағы үш жылда аяқталатынын айтты.
«Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салуға қатысты депутаттық сауалдарыңызды қарап, мынаны хабарлаймын. Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 5 қаңтардағы кеңесте берілген тапсырмаларына сәйкес сұйытылған мұнай газын сату бағасын уақытша мемлекеттік бағаның реттеу енгізілді. Осыған байланысты жобаны іске асыру оң экономикалық нәтиже берген жоқ. Бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, мынадай іс-шараларды пысықтады: pre-FEED және техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді (бұдан әрі – ТЭН); ТЭН бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы, сондай-ақ қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша қорытындысы алынды; қордың кепілдігімен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қарыз беруін мақұлдау, сондай-ақ Қордың Инвестициялық-стратегиялық комитетінің жобаны іске асыру туралы оң шешімі қабылданды», - деп жазалған Премьер-министрдің жауабында.
Әлихан Смайылов өзінің тапсырмасына сәйкес жобаны іске асыруды жеделдету мақсатында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жол қартасын әзірленгенін мысалған келтірген.
«Онда құрылысты 2025 жылы аяқтау көзделген. Қазіргі уақытта «ҚазГӨЗ» ЖШС «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС-мен бірлесіп, жобаның құрылысы бойынша қызмет көрсетушіні анықтау үшін тендерлік рәсімдер жүргізуде. Бұл ретте Қордың ақпараты бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін жоба бойынша құрылыс жұмыстарына дайындық басталатын болады. Жоғарыда жазылғанды, сондай-ақ жобаны іске асырудың әлеуметтікэкономикалық маңыздылығын ескере отырып, бұл мәселе Үкімет пен Қордың ерекше бақылауында тұр», - деп жауап берген Әлихан Смайылов.
Сенаттың маңғыстаулық депутаттары газ зауытына қатыстықыркүйек айында сауал жолдаған болатын. Онда Жаңаөзендегі зауыт құрылысын салу 2021-2023 жылдарға жоспарланғанымен, күні-бүгінге дейін өз дәрежесінде орындалмағаны туралы мәселе көтерілген еді.