Маңғыстау бойынша Төтенше жағдайлар департаменті жоспарлы жалпыоблыстық сейсмикалық жаттығу өткізеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Төтенше жағдайға арналған дайындықты тексеру бағытында ұйымдастырылатын жаттығу 23 ақпан күні 10:00-де ұйымдастырылады.
Облыстық ТЖД өкілдері сейсмикалық жаттығуды бастамас бұрын арнайы дабыл чемоданын дайындап, қауіпсіз жерге эвакуациялау бағытын айқындап алуды ескертеді.
Сондай-ақ, барлық тұрғындарға қауіпсіз аумақ ретінде ғимараттар және құрылыс, электр желілері мен ағаштардан алшақ тұрған ашық алаң секілді жерлерге шығу жайы айтылады, деп жазылған хабарламада.