Биыл облыста 1800 орындық 2 мемлекеттік мектеп, 624 орындық 2 қосымша жапсаржай пайдалануға берілді. Оның бірі Ақтау қаласындағы жаңа шағынауданда бой көтерсе, бірі Мұнайлы ауданында салынған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл туралы бүгін «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Нұрбек Қарасаев партияның XXXVII конференциясында мәлімдеді.
Сонымен қатар 2448 орындық 7 жекеменшік мектеп оқу жылында оқушыларды қабылдады. Ал 3 600 орындық 3 мектептің құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.