2022 жылы “Amanat” партиясынан облыстық мәслихатқа сайланған депутаттар медициналық құрал-жабдық және қажеттілік алу үшін жергілікті бюджеттен 3,2 млрд теңге қаражат бөлуге мұрындық болды. Бұл туралы «Amanat» партиясының Маңғыстау облыстық филиалындағы кезектен тыс өткен XXXVII конференцияда Нұрбек Қарасаев баяндады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, Жанаөзен қаласы Рахат ауылы Мерей шағынауданында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Ал ауылдар мен шалғай елді-мекендердегі денсаулық нысандарын жаңалау, қайта салу жұмысы келесі жылы да жалғасады.