Ақтауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы және Kazakhstan Investment Development Fund өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңеске «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров, «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялар департаментінің директоры Марат Бірімжан, Kazakhstan Investment Development Fund басқарма төрағасы Марат Төлебаев, Kazakhstan Investment Development Fund Басқарма төрағасының орынбасары Данияр Есқабылов және т.б. қатысты.
Кездесу барысында тараптар өңірдегі инвестициялық жобаларды, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, сумен жабдықтау және су бұру, Fairmont сауда қатарлары мен жылы жағажайдағы құрылыстар туралы талқылады.
Нұрлан Ноғаев шетелдік инвестицияларды тарту және тиімді пайдалану Маңғыстаудың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.
- Мемлекет басшысы шетелдік инвестициялар Қазақстанның дамуының негізгі факторларының біріне айналғанын, сондықтан біздің елімізде инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше назар аударылатынын атап өтті.
Маңғыстауда маңызды жобаларды, соның ішінде Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов кен орындарын игеру бойынша мұнай - газ жобасын және «жасыл» сутекті өндіру жөніндегі жобаны іске асыру жоспарлануда, - деді өңір басшысы Нұрлан Ноғаев.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. АХҚО-ның негізгі міндеттері – Қазақстан экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қор нарығын қоса алғанда, елдің қаржы саласын дамыту, сондай-ақ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасу.
Сондай-ақ АХҚО Транскаспий халықаралық көлік бағытын ілгерілетуге белсенді қатысады. 2022 жылы АХҚО Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуетін анықтау бойынша зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 2022-2035 жылдар аралығындағы экспорттық жүк базасының жалпы өсімі 30-дан 120 млн тоннаға дейін, ал импорттың жалпы өсімі – 3,6 млн тоннадан 19 млн тоннаға дейін болжанған. Осыған байланысты халықаралық көлік дәліздерінің одан әрі экономикалық даму рөлінің артуы Қазақстанның дамуына ықпалдасады деген қорытынды жасалған.
Зерттеу жұмыстары жаңа өткізу қабілеттілігін кеңейту немесе құру үшін қажетті инфрақұрылымдық жобаларды қарастырған және Орта дәлізде, Оңтүстік және Солтүстік-Оңтүстік дәлізде жүргізілген.
Жобалардың тек теміржол және автомобиль көлігі үшін (Қазақстандық және шетелдік көлік дәліздерінің бойында) жалпы бағалау құны 25,3 млрд долларынан асады, бұл Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту үшін қаржыландыру шараларын жетілдірудің өзектілігін көрсетеді.
Орта дәліз немесе Транскаспий халықаралық көлік бағыты-Шығыс Азия мен Еуропаны байланыстыратын сауда жолы.